2 сағат бұрын
«Ордабасы» жанкүйерлері Амангелді Сейітхановты ұмытпады
Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Кубогының ширек финалында өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алаң иелерінің аздаған басымдығына қарамастан, бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Екінші таймның басында алаңға шыққан Давид Абаңга 48-минутта гол соғып, есеп ашты. Одан кейін шымкенттіктер кездесудің соңына дейін осы басымдылықты сақтап қалды.
Матч барысында жергілікті жанкүйерлер марқұм, отандық комментатор Амангелді Сейітхановты еске алып, арнайы суретін шығарды.
Амангелді Сейітханов бүгінде тірі болғанда 57 жасқа толар еді. Ол 2021 жылы өмірден өткен болатын.
Енді турнирдің жартылай финалында «Ордабасы» өскемендік «Алтайға» қарсы ойнайды.
Айта кетейік, шымкенттік клуб бұған дейін Қазақстан Кубогын екі рет жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов