5 сағат бұрын
Левандовски «Барселонадан» кетеді
Форвард Роберт Левандовски 2025/2026 маусымы аяқталғаннан кейін каталондық «Барселонадан» кетеді.
Журналист Томаш Влодарчиктің мәліметінше, 17 мамыр күні поляк шабуылшысы «Камп Ноуда» «Бетиске» қарсы өтетін матчта жанкүйерлерімен қоштасуы мүмкін.
37 жастағы футболшының мансабын Сауд Арабия чемпионатында жалғастыруы ықтимал екені айтылуда. Сонымен қатар АҚШ-тың «Чикаго Файр» клубы мен Португалияның «Порту» командасы да оның нұсқалары қатарында.
Левандовски 2022 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан