Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.05.2026

Марк Гиу «Челсиден» кетуі мүмкін

Марк Гиу «Челсиден» кетуі мүмкін

«Челси» шабуылшысы Марк Гиу маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетуі мүмкін.

20 жастағы испаниялық футболшыға Премьер-Лигаға жолдама алған «Ковентри Сити» қызығушылық танытып отыр. Ағылшын клубы ойыншыны толыққанды трансфер арқылы сапына қосуды жоспарлауда. Келісім құны 20–25 миллион еуроға бағалануда.

Сонымен қатар, испаниялық бірнеше клуб футболшыны сатып алу құқығымен жалға алу мүмкіндігін қарастыруда. Алайда «Челси» ойыншыны толық сатуға басымдық беріп отыр.

Айта кетейік, Марк Гиу осы маусымда үш гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанған. Ал келіссөздерде «Ковентридің» бас бапкері, «Челсидің» бұрынғы ойыншысы Фрэнк Лэмпард маңызды рөл атқаруы мүмкін.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан