15.05.2026
«Ақтөбе» бразилиялық футболшымен қоштаспақ
«Ақтөбе» клубы алдағы жазғы трансферлік терезе алдында құрамды жаңартуға кірісті.
Клуб бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Гауденсиомен келісімшартты бұзуға жақын. 23 жастағы футболшы сәуір айының басында командаға қосылғанымен, Қазақстан Премьер-Лигасында бірде-бір ресми матчқа қатыспаған.
Сонымен қатар, «Ақтөбе» трансфер нарығында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Клуб басшылығы бірнеше шетелдік ойыншымен келіссөз жүргізіп, жазғы кезеңде құрамды айтарлықтай күшейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымында «Ақтөбе» 9 матчтан кейін 13 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан