6 сағат бұрын
Мануэль Нойердің клубтағы тағдыры шешілді
Германияның «Бавария» клубы команданың аңызға айналған қақпашысы Мануэль Нойермен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Sport12.kz.
Бүгін, 15 мамыр күні, 40 жастағы Нойер мюнхендік клубпен 2027 жылдың жазына дейін жаңа келісімге қол қойды. Сондай-ақ «Бавариямен» қақпашы Свен Ульрайх та келісімшартын тағы бір жылға ұзартты.
Мануэль Нойер «Бавария» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және клубпен бірге 33 трофей жеңіп алды. Биылғы маусымда ол мюнхендіктер сапында 36 матч өткізіп, 39 гол жіберіп алды (11 ойында қақпасын голдан сақтап қалды).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов