5 сағат бұрын
Бірінші лигада кім көш бастап келеді?
Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында алтыншы турдың матчтары аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Шахтер» өз алаңында «Ақтөбе» жастар командасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді; «Тұран» өз алаңында «Таразға» 0:2 есебімен есе жіберді; «Каспий Ж» сырт алаңда «Елімай Ж»-ны 4:0 есебімен сенімді түрде ұтты; «Тобыл Ж» өз алаңында «Астана Ж»-ға 1:2 есебімен жол берді; «Жайық» өз жанкүйерлері алдында «Батырға» 0:1 есебімен жеңілді; сондай-ақ «Арыс» — «Хан-Тәңірі» матчы 0:1 есебімен аяқталды; «Қайрат-Жастар» сырт алаңда «Оңтүстік академиясын» 3:1 есебімен жеңді.
Алты турдан кейін турнир кестесінде әлі де «Шахтер» көш бастап тұр. Оның еншісінде 16 ұпай бар. Екінші орында «Қайрат-Жастар» — 14 ұпай; «Тараз» бен «Тұран» 12 ұпайдан жинаған, алайда доп айырмасы бойынша «Тараз» алда тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов