Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Жетісу» клубының баспасөз қызметі: трансферлік бан бізге әсер етпейді

«Жетісу» клубының баспасөз қызметі: трансферлік бан бізге әсер етпейді

«Жетісу» клубының баспасөз қызметі FIFA тарапынан жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салынуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында клуб қызметіне қатысты жарияланған соңғы материалдарға байланысты «Жетісу» футбол клубы ресми түрде төмендегіні хабарлайды.

2026 жылғы 12 мамырда клубқа қатысты FIFA тарапынан жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша шектеу қою туралы шешім қабылданды. Аталған шара FIFA Clearing House рәсіміне және тиісті тексеруден өтуге байланысты бұрын туындаған әкімшілік мәселелерге қатысты. Бұл жағдайлар 2024 жылғы маусымнан бастау алады.

Аталған жағдай команданың қазіргі спорттық қызметіне қатысы жоқ екенін, клубтың қазіргі ойыншыларымен келісімшарттық даулардың салдары еместігін және «Жетісудың» қазіргі жарыстарға қатысуына әсер етпейтінін ерекше атап өтеміз.

Клуб бұл мәселені реттеу үшін барлық қажетті рәсімдерді бастап кетті. Оның ішінде FIFA және Қазақстан футбол федерациясымен өзара жұмыс жүргізілуде.

«Жетісу» футбол клубы жағдайға толық жауапкершілікпен қарап, оны белгіленген тәртіпте мүмкіндігінше тез шешу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр.

Осы мәселеге қатысты ресми ақпарат тек клубтың ресми ресурстары арқылы ғана жарияланады», — делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан