16 сағат бұрын
Жозе Моуринью «Реал Мадрид» клубын қанша уақыт жаттықтырады?
Мадридтің «Реал Мадрид» клубының бас бапкері Жозе Моуриньюдің келісімшарты қанша мерзімге жасалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұған дейін португалиялық маманның мадридтік клубпен келісімге келгені хабарланған еді.
Белгілі инсайдер әрі журналист Николо Скира әлеуметтік желідегі парақшасында тараптар арасындағы келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жасалатынын мәлімдеді.
Дереккөз мәліметінше, испаниялық клуб қазіргі таңда 63 жастағы маман жаттықтырып жүрген Лиссабонның «Бенфика» клубына 7 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуге келіскен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов