Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатында Аустрия Ұлыбританияның осал тұсын тапты

Хоккейден әлем чемпионатында Аустрия Ұлыбританияның осал тұсын тапты

Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші ойын күнінде екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Бұл жөнінде Sport12.kz мәлім етті.

А тобында сынға түсіп жатқан Аустрия әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар Ұлыбританияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Ал В тобында Словакия Норвегияның осал тұсын тапты. Словакиялық хоккейшілер қарсыласынан 2:1есебімен жеңді.

А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.

Алдағы ойындар кестесі

16 мамыр

19:20. Венгрия - Финляндия

19:20. Италия - Канада

23:20. Словения - Чехия

23:20. Швейцария - Латвия.

Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан