Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында жүлдеге ие болды

Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында жүлдеге ие болды

Шотландия чемпионатының соңғы турында Эдинбургтың «Хартс» командасы сырт алаңда «Селтикпен» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Матч екі жақтың да қауіпті шабуылдарымен басталды, алайда уақыттың басым бөлігінде «Хартс» қорғанысқа сүйеніп ойнады. Қонақтар стандартты жағдайды тиімді пайдаланды: 43-минутта бұрыштамадан кейін Лоренс Шенкленд допты баспен «Селтик» қақпасына бағыттады.

Алаң иелері алға белсенді ұмтылып, бірінші таймның қосымша уақытында есепті теңестірді. 45+3-минутта Арне Энгельс пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді — 1:1.

Екінші таймда «Селтик» қысымды жалғастырып, матчтың соңында жеңісті жұлып алды. 88-минутта жапон шабуылшысы Дайдзен Маэда шешуші гол соқты. Ал соңғы сәттерде алаң иелері тағы бір гол соғып, қорытынды есепті 3:1 етті.

Қазақстан құрамасының қанат ойыншысы Ислам Чесноков матчты қосалқы құрамда бастап, екінші таймда — 67-минутта алаңға шықты.

«Селтик» 82 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. «Хартс» 80 ұпаймен екінші орында қалды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан