14 сағат бұрын
ҚПЛ: «Оқжетпес» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді
Фото: Kffleague.kz
Қазақстан Премьер-лигасы оныншы турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Елордалық «Астана» сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында көкшетаулық футболшылар белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Борис Лотоцький 48-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Оның одан сәл бұрын соққан голын төреші ережеге сай емес деп жараптай тастаған еді.
Осылайша «Астана» сырт алаңда қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 19 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Тағы бір кездесуде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен сүріндірді.
Дәл қазір «Ертіс» (Павлодар) - «Елімай» (Семей) кездесуі өтіп жатыр.
Ал 17 мамырда тағы бес кездесу өтеді. Бұл күні көш басында келе жатқан «Қайрат», «Ордабасы» командалары кезекті тур ойындарында жасыл алаңға шығады.
Ойындар кестесі
17 мамыр
16:00. «Қызылжар» - «Алтай»
17:00. «Жеңіс» - «Қайрат»
18:00. «Ақтөбе» - «Атырау»
19:00. «Қайсар» - «Тобыл»
20:00. «Ордабасы» - «Жетісу».
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан