13 сағат бұрын
«Бавария» клубы ерекше рекорд тіркеді
16 мамырда Германия Бундеслигасында 2025/26 маусымы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Чемпион атағын «Бавария» иеленді. Олар соңғы турда «Кельн» командасын қабылдап, 5:1 есебімен ойсырата жеңді. 34 турдың қорытындысы бойынша мюнхендіктер 122 гол соқты.
Opta мәліметінше, бұл — 1947/48 маусымынан бері Еуропаның топ-5 лигаларындағы командалар арасындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 40 турда 125 гол соққан «Торино» командасына тиесілі болған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов