11 сағат бұрын
Хаби Алонсо өзіне жаңа жұмыс тапты
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Хаби Алонсо лондондық «Челсимен» принциптік келісімге келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әңгіме кемінде 2028 жылға дейін жасалатын ұзақмерзімді келісімшарт туралы болып отыр. Сондай-ақ бапкер клубтың жазғы трансферлеріне белсенді түрде қатысатыны айтылуда.
Еске сала кетейік, Алонсоның бапкер ретіндегі соңғы клубы мадридтік «Реал» болды. Ол команданы 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың 12 қаңтарына дейін жаттықтырды. Осы уақыт аралығында Алонсо 28 матч өткізді: команда 20 жеңіске жетіп, үш кездесу тең аяқталса, бес матчта жеңіліс тапты.
Сонымен қатар бапкер германиялық «Байердегі» жұмысымен де танымал. Ол клубпен бірге Германия чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов