11 сағат бұрын
Хосеп Гвардиола: жеңісті тойлауға әлі ертерек
«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Кубогы финалындағы жеңістен кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Команда, бапкер және басшылық бір толқында болса, бәрі жеңілдейді. Егер бапкерлер жиі ауыса берсе, бұл қиын. Уақыт керек. Болашақ жарқын болады. Мен жігіттерді білемін. Олардың не сезінетінін және олардың жанқиярлығын білемін.
Қазан мен қараша айларында бізде 13 жарақат болды. Егер солар болмағанда, біз бәлкім Антуан (Семеньо) мен Маркты (Гехи) да сатып алмас едік. Бірақ олар командаға керемет сіңісті. Көп ақша жұмсауға болады, бірақ егер трансферлер өзін ақтаса — онда ол арзан сияқты көрінеді. Ал аз ақша жұмсап, бірақ нәтиже болмаса — ол арзан емес.
Ойыншыларға кеш ұйымдастыруға рұқсат бере ме? Тіпті бір сыра ішуге де рұқсат бермеймін. Біз келесі дүйсенбіде, «Астон Вилламен» матчтан кейін тойлаймыз», — деп Гвардиоланың сөзін The Touchline келтіреді.
16 мамырда «Манчестер Сити» Лондондағы «Уэмбли» стадионында «Челсиді» 1:0 есебімен жеңген болатын. Жеңіс голын Антуан Семеньо соқты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов