13 сағат бұрын
«Ақтөбе» клубы өз алаңында жеңіске жете алмады
«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-Лигасының оныншы турында өз алаңында «Атырау» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
Алаң иелері басымдыққа ие болды. Ал қонақтар қорғаныста ойнады. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Екінші таймның басында Ян Труфанов жақын қашықтықтан гол соғып, есеп ашты. Одан кейін ақтөбеліктер қарқынын күшейтіп, Виталий Латурнус әдемі соққымен таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп: 1:1.
«Ақтөбе» — «Атырау» 1:1 (0:0)
Голдар: Труфанов 56 (0:1), Латурнус 65 (1:1).
Қазіргі таңда «Ақтөбенің» 14 ұпайы бар. Ал «Атырауда» одан екі ұпай аз жинаған. Екі команда да турнир кестесінің орта тұсында орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов