Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

«Ордабасы» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

«Ордабасы» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен Қазақстан Премьер-Лигасының оныншы тур матчында кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қонақтар матч бойы басымдыққа ие болғанымен, айқын гол соғатын сәттер аз болды. Бірінші таймда есепті «Жетісу» ашты: Дінмұхаммед Кәшкен айып алаңы ішінен дәл соққы жасап, Бекхан Шайзада қорғаған қақпадан саңылау тапты. Екінші таймда шымкенттік команданың капитаны Сергей Малый жақын қашықтықтан гол соғып, есепті теңестірді. Ал 98-минутта Муроджон Халматов пенальтиді сәтті орындап, алаң иелеріне жеңіс сыйлады — 2:1.

«Ордабасы» — «Жетісу» 2:1 (0:1)

Голдар: Кәшкен 37 (0:1), Малый 71 (1:1), Халматов (пенальти) 90+8 (2:1).

Осы нәтижеден кейін «Ордабасының» еншісінде 22 ұпай бар және ол көш бастаған алматылық «Қайраттан» үш ұпайға қалып отыр. «Жетісу» 12 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында орналасқан.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан