1 сағат бұрын
«ПСЖ» чемпионатты жеңіліспен аяқтады
Франция Лигасының 34-туры аясында «ПСЖ» сырт алаңда «Париж» клубымен кездесіп, күтпеген жерден жеңіліске ұшырады.
Кездесу алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. «Париж» сапында Алимани Гори дубль авторы атанса, қонақтар құрамындағы жалғыз голды Брэдли Барколя соқты.
Осылайша, «Париж» маусымды 44 ұпаймен 11-орында аяқтады. Ал «ПСЖ» бұған дейін мерзімінен бұрын чемпион атанып, маусымды 76 ұпаймен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан