Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Луиш Нани «Ақтөбе» ойынында жарақат алған жанкүйерге естелік сыйлық берді 

Луиш Нани «Ақтөбе» ойынында жарақат алған жанкүйерге естелік сыйлық берді 

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Футболдан Қазақстан кубогы ширек финалында «Ақтөбе» - «Алтай» матчында Аянай Елтоқова есімді жанкүйер команда ойыншысынан тепкен доптан жарақат алған еді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Орталық стадионда Аянайға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, артынша жедел жәрдем көлігімен ол жақын ауруханаға жеткізілді. Ем-дом шаралары жасалды. Оқиғадан соң «Ақтөбе» футбол клубы зардап шеккен жанкүйермен бірден хабар алысып, мәмілеге келу қадамын жасады. Бүгін болса Аянай Дулатқызы жұбайымен бірге біздің кеңсемізге келіп, Луиш Нанимен кездесті, - деп жазылған хабарламада.

Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, португалиялық футбол жұлдызы қол қойылған естелік жейдесін сыйға тартып, қауіпсіз сектордан маусымдық екі абонемент ұсынды. Осылайша, қос тарап жылы лебіз танытып, өзара ымыраға келді. «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтарды ұйымдастырушы ретінде стадиондағы жанкүйерлер қауіпсіздігін сақтап келеді және алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра бермек.

Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» мен БИІК ірі жеңіске жетті.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан