10 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайратқа» екінші іріктеу кезеңінде кімдер қарсылас атанады?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде «еленбеген» командалар қатарында ойнайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осының салдарынан алматылық клуб бұл кезеңде мықты қарсыласпен күш сынасады. Олардың қатарында Сербияның «Црвена Звезда», Хорватияның «Динамо Загреб», Польшаның «Лех», Кипрдің «Омония» және Израильдің «Хапоэль» командалары бар.
Ал алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде алдымен әлсіз қарсыластармен кездесетін болды.
УЕФА коэффициентінің есептеуіне сәйкес, бірінші іріктеу кезеңінде еліміздің өткен жылғы чемпионы «еленгендер» себетіне түседі. Бұл алматылықтарға ең мықты қарсыластармен кездесуден тыс қалуға мүмкіндік береді.
Алматылық клубтың іріктеудің бірінші кезеңінде кездесуі ықтимал қарсыластары қатарында «Сабах» (Әзербайжан), «Левски София» (Болгария), «Кауно Жальгирис» (Литва), «МЛ Витебск» (Беларусь), оған қоса Люксембург, Андорр және Черногория клубтары енгізілген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан