9 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев енді ҚПЛ-да ойын өткізеді?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» командасының футболшысы Дастан Сәтпаев енді Қазақстан Премьер-лигасында бес ойын өткізіп, Англияның «Челси» командасы сапына қосылады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дастан Сәтпаев Англияның «Челси» командасы сапына 1 шілдеде қосылады.
23.05. «Кайрат» - «Қайсар»
28.05. «Ордабасы» - «Қайрат»
13.06. «Қайрат» - «Атырау»
17.06. «Қайрат» - «Кызылжар»
21.06. «Қызылжар» - «Кайрат».
Айта кетсек, испаниялық маман Хаби Алонсо 1 шілдеде «Челсидің» келісімшарты бар ойыншыларымен арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ол жақында лондондық клубтың бас бапкері болды.
Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады.
Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан