50 минут бұрын
«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды
Лондондық «Арсенал» 2025/26 жылғы маусымда мерзімінен бұрын Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды.
АПЛ-дің 37-туры аясында Микель Артета шәкірттері өз алаңында «Бёрнлиді» 1:0 есебімен жеңсе, басты қарсыласы «Манчестер Сити» сырт алаңда «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түсті. Осы нәтижеден кейін соңғы турға бір ойын қалғанда «Арсенал» мен «Сити» арасындағы айырмашылық төрт ұпайға жетті.
Осылайша, лондондық клуб 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды. «Арсенал» соңғы рет 2003/04 жылғы маусымда ел біріншілігінде топ жарған болатын.
Айта кетейік, клуб өз тарихында Англия чемпионатын 14 мәрте жеңіп алды. Сонымен қатар, биыл «Арсенал» Чемпиондар лигасының финалында Францияның «ПСЖ» клубына қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан