Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

«Реал» жаңа бапкерлік штабпен күшеймек

«Реал» жаңа бапкерлік штабпен күшеймек

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік «Реалда» жұмыс істейтін жаттықтырушылар штабын жасақтады.

Ақпаратқа сәйкес, Моуриньюмен бірге Мадрид клубына оның қазіргі «Бенфикадағы» көмекшілері Жоау Тральяу мен Педру Машаду ауысады. Сондай-ақ штабқа аналитик Роберто Мерелла қосылады.

Жоау Тральяу Моуриньюдің ең жақын көмекшілерінің бірі болып саналады. Ол бұған дейін «Бенфика» академиясында жұмыс істеп, Бернарду Силва, Жоау Феликс, Ренату Саншеш және Гонсалу Гедеш сияқты ойыншыларды дайындаған. Сонымен қатар ол «Боруссия Дортмунд», «Фенербахче» және басқа да клубтарда қызмет атқарған.

Педру Машаду физикалық дайындық пен бапкерлік штаб жұмысына жауап береді. Ол 2025 жылдан бері Моуриньюмен бірге жұмыс істеп келеді.

Ал италиялық маман Роберто Мерелла команда аналитигі ретінде қызмет атқарады. Ол бұған дейін «Интер», «Верона» және «Рома» клубтарында жұмыс істеген.

AS басылымының мәліметінше, Моуриньюдің «Реалға» ауысуы дерлік шешілген. Мадрид клубы «Бенфикамен» келісімшартты бұзғаны үшін шамамен 7 миллион еуро өтемақы төлеуі мүмкін.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан