1 күн бұрын
Қазақстанның жастар құрамасы Беларусьпен өтетін матчтарға құрамын жариялады
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді.
Ойындар Беларусь аумағында өтеді. Бірінші кездесу 5 маусым күні Барановичи қаласында жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. Екінші матч 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді, басталуы — 20:00.
Қазақстан жастар құрамасы 30 мамыр күні Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Команда сапына 25 футболшы шақырылды:
Қақпашылар: Дулат Тәліспаев («Кеге», Дания), Шерхан Қалмырза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»)
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров («Қайсар»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Әмірбек Базарбаев, Данияр Ташпұлатов (екеуі де — «Қайрат»), Санжар Ануаров («Астана»), Сергей Иванов («Алтай»), Сағи Малиқайдар («Ұлытау»), Рамазан Каримов («Ертіс»)
Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай, Тамерлан Әгіманов, Нұрдәулет Байбосынов (үшеуі де — «Ертіс»), Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев (бәрі — «Қайрат»), Димаш Серікұлы («Қайсар»), Сейф Попов («Алтай»), Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»)
Шабуылшылар: Рамазан Бағдат («Қайрат»), Ян Труфанов («Атырау»), Артем Литош («Шахтер»), Мансур Бірқұрманов («Жетісу»)
Бапкерлер штабы: Владимир Чебурин (бас бапкер), Дмитрий Карпов (көмекші бапкер), Сергей Лабодовский (көмекші бапкер), Валерий Ситало (қақпашылар бапкері), Рустам Усманов (физикалық дайындық бапкері), Біржан Хабит (талдаушы).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан