11 сағат бұрын
Бразилиялық қорғаушы «Қайсар» құрамын толықтырады
Фото: topsport.bg
Бразилиялық қорғаушы Клайдер Македо мансабын Қызылорда «Қайсарда» жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, 27 жастағы футболшы «қасқырлармен» алдын ала келісімшартқа қол қойды. Ол қызылордалық клубқа Армения чемпионаты аяқталғаннан кейін командаға қосылады, қазір «Алашкерт» сапында ойын көрсетіп жүр.
Осы маусымда сол қанағттағы қорғаушы 25 матч өткізді. Оған қоса футболшы - армян клубының негізгі ойыншыларының бірі. Футболшы мансабы барысында Македо «Берое», «Гремио Анаполис», «Левски Крумовград» және «Ван» клубтарында ойын көрсетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Қайсар» бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады.
https://sport12.kz/football/20634-qaisar-bas-bapkerge-qatysty-malimdeme-zhasady/
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан