6 сағат бұрын
«Қайраттың» финляндиялық легионері 24 жасқа толды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» пен Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Ойва Юккола бүгін 24 жасқа толды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ойва — финляндиялық «Ильвес» клубының түлегі. Финляндияның жоғарғы лигасында 2020 жылы, 18 жасында дебют жасады. Жалпы жартылай қорғаушы «Ильвес» сапында 129 матч өткізіп, 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.
2026 жылғы ақпанда Ойва «Қайратпен» келісімшартқа қол қойды. Қазір сары-қаралар сапында 12 матч өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан