5 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ордабасы» - «Қайрат» кездесуіне билет түгелдей сатылды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасы 12-турындағы «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Аллматы) матчының билеттері толығымен сатылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір онлайн да, кассада да билет қалған жоқ. Бұл кездесу 28 мамыр күні 20:00-ге жоспарланған.
Қазір турнир кестесінде екі команда қатарлас келеді. Он турдан кейін «Қайрат» 25 ұпаймен көш бастап тұрса, «Ордабасы» 22 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан