Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы клуб өкілдерімен кездесті

ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы клуб өкілдерімен кездесті

Фото: ҚФФ

21 мамырда Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының клуб өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Жиын дирекцияның жаңа жетекшісі Ержан Мұсабековтің бастамасымен ұйымдастырылды. Тараптар кәсіби жарыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша алдағы жоспарын және ҚФФ мен клубтар арасындағы байланысты күшейту жолдарын талқылады.

Клуб өкілдері Ержан Мұсабековті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Кеңес барысында Ержан Мұсабеков дирекцияның бұрынғы жетекшісі Бақытжан Пазылхайырға алғыс айтып, оның басшылығымен атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіби жарыстарды өткізу аясында бұдан да тығыз әрі жедел өзара іс-қимыл орнатуға келісті. Сондай-ақ дирекция клубтардан бірлескен жұмыс пен коммуникацияны жақсарту бойынша өз ұсыныстарын, сонымен қатар кәсіби жарыстарды одан әрі дамыту үшін талқылауды талап ететін өзекті мәселелерді жолдауды сұрады.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан