2 сағат бұрын
Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» алғаш рет жеңілді
Фото: «Шахтер» футбол клубы
Футболдан еліміздің Бірінші лигасы жетінші турында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда елордалық «Астана-2» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін қарағандылық команда қатарынан бес мәрте жеңіске жетті. Оған қоса қарсылас қақпасына 22 гол соғып, өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ.
Бүгінгі кездесуде олар қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, турнир кестесінде 16 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды. Көш басында 17 ұпаймен «Қайрат-2» командасы тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Тұран» қатарынан екінші рет жеңілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан