2 күн бұрын
Роналду «Әл-Насрдағы» алғашқы чемпиондық кубогын көтерді
Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін «Әл-Наср» сапындағы алғашқы чемпиондық кубогын көтерді.
Чемпиондықты тойлау кезінде Роналду ерекше қимылдар жасап, бірде кубокты, бірде алаңды нұсқаған. Бұл әрекеті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары оның астарлы мәнін іздей бастады.
Маусымның шешуші матчында «Әл-Наср» «Дамакты» 4:1 есебімен жеңді. Кездесуде Роналду дубль авторы атанып, командасының чемпион атануына зор үлес қосты. Сондай-ақ 40 жастағы шабуылшы голдарының бірін айып добынан тікелей соқты.
Бұл — Криштиану Роналдудың «Әл-Наср» сапындағы Сауд Арабиясы чемпионатындағы алғашқы титулы. Осы маусымда Португалия құрамасының көшбасшысы 28 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан