Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Гвардиола: «Кетуіме нақты себеп жоқ, бірақ оның уақыты келгенін жүрегіммен сезіндім»

Гвардиола: «Кетуіме нақты себеп жоқ, бірақ оның уақыты келгенін жүрегіммен сезіндім»

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиола жанкүйерлермен қоштасу барысында әсерлі сөз сөйлеп, клубтан кету туралы шешімінің себебін түсіндірді.

Испаниялық маман нақты бір себептің жоқ екенін, алайда ішкі түйсігі оған кететін уақыттың келгенін сездіргенін айтты.

– Мен бұл жерге келгенде алғашқы әңгімем Ноэл Галлахермен болды. Сол кездесуден кейін-ақ мұнда қызықты кезең күтіп тұрғанын түсіндім. Біз бірге керемет уақыт өткіздік. Неліктен кетіп жатқанымды сұрамаңыздар. Оның нақты себебі жоқ. Бірақ жүрегіммен оның уақыты келгенін сезіндім, – деді Гвардиола.

Тәжірибелі бапкер «Манчестер Ситиге» деген сүйіспеншілігі ешқашан жоғалмайтынын атап өтті.

– Ештеңе мәңгілік емес. Егер солай болғанда, мен осында қалар едім. Бірақ мәңгі сақталатын нәрсе – сезімдер, адамдар, естеліктер және менің «Манчестер Ситиге» деген махаббатым, – деді ол.

Гвардиола Манчестер қаласының еңбекқор рухын ерекше бағалайтынын жеткізді.

– Бұл қала еңбектің арқасында қалыптасты. Мұны адамдардың өмірінен, өндірістен, музыкадан және тарихынан көруге болады. Біз де осы рухты түсініп, жұмыс істедік, қиындықтарды еңсердік және бәрін өз жолымызбен орындадық, – деді бапкер.

Сонымен қатар ол Манчестер тұрғындары мен клуб қызметкерлеріне қиын сәттерде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

– Пандемия кезінде анамнан айырылдым. Сол кезде бұл клуб, жанкүйерлер, қызметкерлер мен қала тұрғындары маған үлкен демеу болды. Маған ең қажет уақытта күш бергендеріңіз үшін ризамын, – деді Гвардиола.

Сөз соңында маман футболшылар мен жанкүйерлер бірге өткізген сәттерді ешқашан ұмытпайтынына сенім білдірді.

– Біз жасаған барлық дүниені сіздер үшін жасадық. Ал сіздер керемет қолдау көрсеттіңіздер. Сенімдеріңізге, махаббаттарыңызға және шабыт бергендеріңізге рақмет. Бірге өткізген уақытымыз ғажап болды. Баршаңызды жақсы көремін, – деп қорытындылады Гвардиола.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан