3 сағат бұрын
Әлемде ең көп табыс табатын спортшы анықталды
Беделді америкалық Forbes іскерлік журналы 2026 жылғы әлемдегі ең жоғары табыс табатын спортшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тізімнің көшін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду бастады. Оның жылдық табысы — 300 миллион доллар.
Екінші орында мексикалық боксшы Сауль Альварес тұр. Ол соңғы 12 айда 170 миллион доллар табыс тапқан.
Үшінші орынға америкалық «Интер Майами» клубы мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси жайғасты. Оның табысы — 140 миллион доллар.
Үздік бестікке сондай-ақ америкалық баскетболшы Леброн Джеймс (137,8 млн доллар) және жапониялық бейсболшы Сёхэй Отани (127,6 млн доллар) енді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов