Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Жаңа көшбасшы: Бірінші лиганың кезекті туры қалай өтті?

Жаңа көшбасшы: Бірінші лиганың кезекті туры қалай өтті?

Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында 7-тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Шахтер» сырт алаңда күтпеген жерден «Астана Ж»-ға 3:4 есебімен есе жіберді; «Қайрат-Жастар» өз алаңында «Тұранды» 2:0 есебімен жеңді; «Хан-Тәңірі» үйде «Тобыл Ж»-ды 2:1 есебімен ұтты, дәл осындай есеппен «Тараз» — «Арыс» кездесуі аяқталды; «Жайық» қонақта «Каспий Ж»-ны 1:0 есебімен жеңді; «Ақтөбе Ж» өз алаңында «Елімай Ж»-нан 3:1 есебімен басым түсті. Ал «Батыр» — «Оңтүстік» матчы 2:2 есебімен тең аяқталды.

7-турдан кейін Бірінші лиганың көшбасшысы «Қайрат-Жастар» болды. Ол 17 ұпай жинап, «Шахтердің» сүрінуін тиімді пайдаланды. Қарағандылық клуб 16 ұпаймен екінші орынға түсті. Үздік үштікті 15 ұпаймен «Тараз» түйіндеп тұр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан