3 сағат бұрын
Ұлан Қонысбаев жеті жылдан кейін кәсіби футболға қайта оралды
Фото: «Тараз» футбол клубы
Қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев ұзақ үзілістен кейін кәсбіи футболға қайта оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай қорғаушы 2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында Қытайға қарсы кездесуде ауыр жарақат алған еді. Салдарынан үлкен футболдан біраз уақыт қол үзуіне тура келді.
Бүгін ол «Тараз» командасы сапында Түркістан облысының «Арыс» командасына қарсы кездесуде қосалқы құрамнан жасыл алаңға шықты. Нәтижесінде ол жеті жылдан кейін кәсбіи футболға қайта оралды.
Ұлан Қонысбаев 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келді. 2006-2019 жылдары қазақстандық клубтарда доп тепті.
Биыл «Тараз» клубына басшылыққа келген Дидар Сыдықбек Ұлан Қонысбаевқа лайықты құрмет жасау қажеттігін атап өткен еді. Осылайша оны команда құрамына қосты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан