2 сағат бұрын
«Манчестер Сити» Хосеп Гвардиоланың қызметінен кететін ресми түрде жариялады
Фото: mancity.com
Англияның «Манчестер Сити» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола маусым соңында командадан кетеді. Бұл жөнінде англиялық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Испаниялық 55-жастағы маман «Манчестер Сити» тізгінін 2016 жылдың маусым айында ұстады. Он жыл бойы англиялық клубпен бірге ол 20 трофей жеңіп алды.
Бапкерлік қызметтен кеткеннен кейін ол City Football Group құрылымында әлемдік елші ретінде қызмет атқарады.
Хосеп Гвардиола 1971 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Футболшы мансабында 1990-2001 жылдары «Барселона» (Испания), «Брешиа» (Италия), «Рома» (Италия), «Аль-Ахли» (Қатар), «Дорадос де Синалоа» (Мексика) клубтарында доп тепті.
Испания құрамасында 1992-2001 жылдары 47 кездесуде 5 гол соқты.
Бапкерлік қызметінде 2008-2016 жылдары «Барселона» (Испания), «Бавария» (Германия) клубтарында бас бапкер болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан