24 сағат бұрын
Аргентина құрамасын әлем чемпионатына алып баратын ұшақтың құйрығына Мессидің 10-нөмірі бейнеленді
Аргентина ұлттық құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатына жеткізетін арнайы ұшақ таныстырылды. Әуе кемесінің ерекшелігі – оның құйрық бөлігіне команда капитаны Лионель Мессидің әйгілі 10-нөмірінің бейнеленуі.
Бұл шешім Аргентина футболының аңызына айналған ойыншыға көрсетілген құрмет ретінде қабылданды. Сонымен қатар ұшақ ұлттық тудың көк-ақ түстерімен безендіріліп, Аргентина құрамасының ойын жейдесіндегі дизайн элементтері қолданылған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерде ұшақтың сыртқы келбеті ұлттық құраманың стиліне сай жасалғаны байқалады. Жанкүйерлер жаңа дизайнды жылы қабылдап, Мессиге арналған ерекше құрмет ретінде бағалауда.
Айта кетейік, Лионель Месси ұзақ жылдар бойы Аргентина құрамасының намысын қорғап, ұлттық команда сапында 10-нөмірмен өнер көрсетіп келеді. Оның жетекшілігімен Аргентина құрамасы әлемдік футболдағы ең ірі жетістіктердің біріне қол жеткізіп, әлем чемпионы атанған болатын.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет үш мемлекет бірлесіп қабылдайды. Аргентина құрамасы әлем чемпионы ретінде жарысқа басты фавориттердің бірі саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Диана Юлдашева