4 сағат бұрын
«Қайсар» Айбол Әбікенге қатысты қауесетке жауап берді
Фото: «Қайсар» футбол клубы
«Қайсар» футбол клубы жартылай қорғаушы Айбол Әбікенге қатысты тараған қауесетке ресми түрде жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Соңғы уақытта Айбол Әбікен жайлы тараған трансферлік ақпараттарға қатысты көптеген сауалдар келіп түсуде. Осы ақпаратқа сәйкес ресми хабарлаймыз. Айбол Әбікен трансфері туралы жарияланған ақпараттар шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда «Қайсар» футбол клубы Айбол Әбікен туралы өзге клубтармен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Айбол командадағы көшбасшы ойыншылардың бірі және клубтың алға қойған мақсатын жүзеге асыру бағытындағы маңызды футболшы екенін жеткіземіз, - деп жазылған хабарламада.
Айбол Әбікен 2004 жылы шымкенттік клуб сапында ойын көрсеткен еді. 2025 жылдан бері «Қайсар» сапына ауысты.
Ол мансабында 2017-2021 жылдары алматылық «Қайрат», 2022 жылы Павлодар облысының «Ақсу» клубында доп тепті.
2018 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан