2 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ордабасы» сырт алаңда «Тобылды» ірі есеппен жеңді
Фото: «Ордабасы футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасы ХІ турында «Ордабасы» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шымкенттік клуб биыл алдына чемпиондық атаққа қол жеткізу мүмкіндігін қойып отыр. Сондықтан әрбір турда жеңіске жетуге бар күшін салып келеді. Осындай сәттілік сериясын бүгін Қостанайда өткен «Тобылмен» кездесуде жалғастырды.
Кездесу барысында шымкенттік клубтан Кристиан-Михай Капацина 50-минутта есеп ашса, Жасұлан Әмір 84, 87-минутта қос голдың авторы атанды.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 25 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Көш басында 26 ұпаймен келе жатқан алматылық «Қайраттың» олардан бір ойыны артық.
Премьер-Лига, ХІ тур ойындары:
22 мамыр
«Алтай» (Өскемен) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:1
«Астана» - «Ұлытау» (Жезқазған) 3:0
«Каспий» (Ақтау) - «Ертіс» (Павлодар) 2:2
23 мамыр
«Жетісу» (Талдықорған) - «Атырау» 0:0
«Елімай» (Семей) - «Жеңіс» (Астана) 2:1
«Қайрат» (Алматы) - «Қайсар» (Қызылорда) 0:0
«Ақтөбе» - «Қызылжар» (Петропавл) 0:0
«Тобыл» (Қостанай) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:3.
Енді алдағы тур ойындары 27 және 28 мамыр күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан