6 сағат бұрын
Норвегия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында кімдерге сенім білдірді?
Фото: matchtv.ru
Бас бапкер Столе Сольбаккен 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Норвегия құрамасының тізімін жариялады. Оған барлығы 26 ойыншы енгізілген, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қақпашылар: Эрьян Нюланд («Севилья»), Сандер Тангвик («Гамбург»), Эгил Селвик («Уотфорд»).
Қорғаушылар: Кристофер Аэр («Брентфорд»), Лео Эстигор («Дженоа»), Давид Вольф («Вулверхэмптон»), Фредрик Бьоркан («Будё-Глимт»), Маркус Педерсен («Торино»), Эггем Торбьерн («Болонья»), Сондре Лангос («Дерби Каунти»), Хенрик Фальхенер («Викинг»), Юлиан Риерсон («Боруссия», Дортмунд).
Жартылай қорғаушылар: Мортен Торсбю («Кремонезе»), Патрик Берг («Будё-Глимт»), Сандер Берге («Фулхэм»), Мартин Эдегор («Арсенал», Лондон), Фредрик Аурснес («Бенфика»), Кристиан Торстведт («Сассуоло»), Тело Асгард («Рейнджерс»), Антонио Нуса («РБ Лейпциг»), Андреас Шельдеруп («Бенфика»), Оскар Бобб («Фулхэм»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»).
Шабуылшылар: Александр Серлот («Атлетико», Мадрид), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Йорген Странд Ларсен («Кристал Пэлас»).
Норвегиялық футболшылар әлем чемпионатында I тобында Франция, Сенегал және Ирак құрамаларымен кездеседі.
Оған дейін ұлттық құрама Швеция және Марокко құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Томас Тухель Англия құрамасының тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан