7 сағат бұрын
Хорватия сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында кімдер ойнайды?
Фото: news.sportbox.ru
Бас бапкер Златко Далич 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында бақ сынайтын Хорватия құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қақпашылар: Доминик Ливакович («Динамо» Загреб), Доминик Котарски («Копенгаген»), Ивор Пандур («Халл Сити»).
Қорғаушылар: Йошко Гвардиол («Манчестер Сити»), Дуе Чалета-Цар («Реал Сосьедад»), Йосип Шутало («Аякс»), Йосип Станишич («Бавария»), Марин Понграчич («Фиорентина»), Мартин Эрлич («Мидтьюлланд»), Лука Вушкович («Гамбург»).
Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Милан»), Матео Ковачич («Манчестер Сити»), Марио Пашалич («Аталанта»), Никола Влашич («Торино»), Лука Сучич («Реал Сосьедад»), Мартин Батурина («Комо»), Кристиян Якич («Аугсбург»), Петар Сучич («Интер», Милан), Никола Моро («Болонья»), Тони Фрук («Риека»).
Шабуылшылар: Иван Перишич (ПСВ), Андрей Крамарич («Хоффенхайм»), Анте Будимир («Осасуна»), Марко Пашалич («Орландо Сити»), Петар Муса («Даллас»), Игор Матанович («Фрайбург»).
Хорватиялық футболшылар L тобында сынға түседі. Қарсыластары - Англия, Гана және Панама.
Оған дейін құрама Бельгиямен 2, Словениямен 7 маусым күндері жолдастық кездесу өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Томас Тухель Англия құрамасының тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан