7 сағат бұрын
«Сабах» Стас Покатиловке жаңа келісімшарт ұсынатын болды
Фото: meta-ratings.kz
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» клубында мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, клуб пен футболшы команда үшін тарихи болған сәтті маусымнан кейін келісімшартты ұзартуға келісті. Негізінде Покатиловтың бұрынғы келісімінің қолданылу мерзімі 30 маусымда аяқталды, - деп жазлды ол.
Айта кетсек, 33 жастағы қақпашы «Сабах» сапында маңызды маусымды өткізіп, барлық турнирде 35 матч өткізіп, клубқа ел чемпионаты мен кубогында жеңіске жетуге көмектесті.
Жақын арада Покатилов командамен бірге УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне дайындықты бастайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан