3 сағат бұрын
Жозе Моуриньо «Реал Мадридке» өз футболшыларын алып келеді
Фото: gamereactor.eu
Жозе Моуриньо испаниялық «Реал Мадрид» тізгінін қолға алғаннан кейін өз тактикасына сәйкес келмейтін он футболшыдан қош айтысқысы келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Португалиялық маман олардың тізімін жариялап қойған секілді. Мамандардың айтуынша, онда Камавинга, Себальос, Менди, Лунин, Г. Гарсия. Винисиус Вальверде, Тчуамени, Манстантуоно, Ф. Гарсия сынды танымал футболшылар бар.
Айта кетсек, Жозе Моуриньо испаниялық клуб тізгінін 2010-2013 жылдары ұстаған еді.
2011/2012 жылғы маусымда ол «Реал Мадрид» клубымен бірге Испания чемпионы атанса, бір жыл бұрын Испания кубогын төбесіне көтерді. Сондай-ақ ол Испания суперкубогына ие болды.
Жозе Моуриньо қазірге дейін Португалияның «Бенфика» командасының бас бапкері болған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан