3 сағат бұрын
«Интер Майами» өз алаңында жеңіске жетті
«Интер Майами» АҚШ футбол лигасының кезекті турында өз алаңында «Филадельфия Юнионды» қабылдап, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу қонақтардың жылдам голдарымен басталғанымен, алаң иелері таразы басын өз пайдасына аудара алды. «Интер Майами» сапында Херман Бертераме екі рет мергендік танытса, Луис Суарес хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Родриго Де Паул да өз есімін есеп тақтасына жазды.
Ал «Филадельфия Юнион» құрамында Милан Илоски үш гол соғып, оның екеуін пенальтиден орындады. Бұдан бөлек, Бруно Дамиани бір мәрте көзге түсті.
Аргентиналық жұлдыз Лионель Месси 73 минут алаңда болып, екі нәтижелі пас берді.
Осы жеңістен кейін «Интер Майами» 31 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орынға тұрақтады. Ал «Филадельфия Юнион» жеті ұпаймен соңғы орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан