2 сағат бұрын
«Барселона» финалда «Лионды» тас-талқан етті
Испанияның «Барселона» клубы әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусым финалында Францияның «Лионын» ірі есеппен жеңді.
Норвегияның Осло қаласында өткен шешуші кездесуде испаниялық клуб 4:0 есебімен басым түсті. Матчтағы барлық гол екінші таймда соғылды. Эва Пайор дубль авторы атанса, Сальма Паральюэло да екі мәрте мергендік танытты.
Осылайша, «Барселона» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын тарихында төртінші рет жеңіп алды. Бұған дейін команда 2021, 2023 және 2024 жылдары жеңімпаз атанған болатын.
Ал «Лион» бұл турнирде сегіз мәрте топ жарып, ең көп чемпион атанған клуб саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан