2 сағат бұрын
«Арсенал» 20 жылдан кейінгі алғашқы финалын өткізеді
30 мамыр күні Францияның «ПСЖ» клубы мен Англияның «Арсеналы» Чемпиондар лигасының финалында кездеседі.
Шешуші матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Айта кетейік, «ПСЖ» — қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы. Биылғы маусымда париждік клуб плей-офф кезеңінде «Монаконы», «Челсиді», «Ливерпульді» және «Баварияны» жарыс жолынан шығарды.
Ал «Арсенал» Чемпиондар лигасының финалына соңғы 20 жылдан кейін алғаш рет шығып отыр. Микель Артета жаттықтыратын команда плей-офф кезеңінде «Байерді», «Спортингті» және «Атлетиконы» жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан