Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының қатысушылары анықталды

2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының қатысушылары анықталды

2026/27 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алған 29 клубтың толық тізімі белгілі болды.

Соңғы болып бұл тізімге Италия чемпионатының қорытынды турынан кейін «Рома» мен «Комо» қосылды. «Рома» «Веронаны» 2:0 есебімен жеңсе, «Комо» «Кремонезеден» 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, қалған жеті жолдама іріктеу кезеңінде сарапқа салынады. Бұл кезеңде Алматының «Қайрат» клубы да бақ сынайды.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тікелей шыққан клубтар:

Англия: «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла», «Ливерпуль»;

Испания: «Барселона», «Реал Мадрид», «Вильярреал», «Атлетико», «Бетис»;

Германия: «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Штутгарт»;

Франция: «ПСЖ», «Ланс», «Лилль»;

Италия: «Интер», «Наполи», «Рома», «Комо»;

Португалия: «Спортинг», «Порту»;

Нидерланд: ПСВ, «Фейеноорд»;

Түркия: «Галатасарай»;

Украина: «Шахтер»;

Чехия: «Славия»;

Бельгия: «Брюгге».



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан