1 сағат бұрын
«Алтай» жазғы трансферде құрамын күшейтпек
Өскеменнің «Алтай» клубы алдағы жазғы трансфер кезеңінде құрамын күшейтуді жоспарлап отыр, деп жазады AmanVIBE.
Мәліметке сәйкес, клуб басшылығы қазіргі таңда екі позицияға — тірек жартылай қорғаушы мен шабуылшы іздестіріп жатыр. Бұл бағыттарды күшейту маусымның екінші бөлігі қарсаңындағы басты міндеттердің бірі саналады.
Қазіргі таңда Вахид Масудов жаттықтыратын команда нәтижелілік мәселесіне тап болған. Қазақстан Премьер-лигасының 11 турында «Алтай» небәрі бес гол соққан. Оның ішінде тек бір допты негізгі шабуылшы өз еншісіне жазған.
Осыған байланысты клуб шабуыл шебін күшейтіп, алаң ортасындағы тепе-теңдікті арттыруды көздеп отыр.
Айта кетейік, Қазақстандағы жазғы трансфер кезеңі 10 маусымда ашылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан