12 сағат бұрын
Байсуфинов Армения және Мажарстанға қарсы құрамды жариялады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін Армения және Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерге арналған соңғы құрамды жариялады.
Қазақстан құрамасы 6 маусымда Армениямен, 9 маусымда Мажарстанмен сырт алаңда жолдастық матч өткізеді.
Финалдық тізімге 25 ойыншы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Нұрәлі Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Абинұр Нұрымбет («Оқжетпес»);
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Мұртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Максат Абраев («Астана»).
Бапкерлер штабы да толық құрамда жұмыс істейді: Талғат Байсуфинов бас бапкер, Иван Азовский, Марат Еслямов, Елдос Ахметов ассистенттер, Юрий Новиков қақпашылар бапкері, Мұхтар Ерімбетов физикалық дайындық бапкері және өзге мамандар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан