Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Қазақстан Әуесқой лигасының» ойындары өңірлерде қарқын алды

«Қазақстан Әуесқой лигасының» ойындары өңірлерде қарқын алды

Фото: ҚФФ

«Қазақстан Әуесқой лигасының» матчтары еліміздің бірқатар өңірінде өтіп жатыр. Қазірдің өзінде бұл турнир Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу және Жамбыл облыстарында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Әуесқой лигасы – өңірлік футболды дамытып, бұқаралық спортты насихаттайтын маңызды жобалардың бірі. Турнир жергілікті командалардың тұрақты түрде ойын тәжірибесін арттырып, аймақтардағы футбол жанкүйерлерінің қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жарыс талантты ойыншылардың танылуына жол ашады.

Қарағанды облысында биылғы маусым облыстың 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Матчтар әр аптаның сенбі-жексенбі күндері өтеді. Турнирге 11 команда қатысуда.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жарысқа 20 команда тіркелген. Қатысушылар Бірінші және Екінші лигаға бөлініп, әр дивизионда 10 командадан сынға түсіп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында сегіз команда екі айналым жүйесі бойынша бақ сынауда. Кездесулер Петр Атоян атындағы стадионда өтіп, матчтар тікелей эфирде көрсетілуде.

Жетісу облысында 14 команда қатысып жатыр. Мұндағы ойындар да жанкүйерлер үшін тікелей эфирде ұйымдастырылған.

Ал Жамбыл облысында биылғы додаға 20 команда қатысуда. Мұнда командалар жоғары Жоғары және Бірінші лигаға бөлініп, әрқайсысы 10 командадан екі айналыммен ойнап жатыр.

Қазақстан әуесқой лигасының кездесулері алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде де кезең-кезеңімен жалғасады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан