Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы қашан ашылады?

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы қашан ашылады?

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионының құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тарихы 1936 жылдан бастау алатын аңызға айналған спорт нысаны қайта жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жаңартылды.

Нысанды аралау барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов құрылыс жұмыстарының толық аяқталғанын атап өтті. Стадион Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынған. Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Жаңартылған стадионның жалпы аумағы 18 951 шаршы метрді құрайды. Нысан UEFA-ның 4-санатына сәйкес келеді және 3 600 көрерменге арналған. Сонымен қатар стадион UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы стандарттарына сай заманауи спорт жабдықтарымен және жасанды жабынмен қамтамасыз етілген.

Спорт кешенінде көрермендер трибунасы, конференц-зал, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинеттер, әкімшілік және техникалық аймақтар, сондай-ақ VIP-ложалар қарастырылған.

Сапар барысында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен де кездесу өтті. Жоба елорданың спорт инфрақұрылымын дамытуға және қалалық әрі республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта нысанды пайдалануға беру бойынша заңдық және ұйымдастырушылық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Болашақта стадион Астана қаласы әкімдігінің «№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беріледі.

Стадионның ресми ашылуы 4 маусымға жоспарланған. Ашылу аясында 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан Республикасының жыл сайынғы футбол чемпионаты ұйымдастырылады. Турнирге еліміздің түрлі өңірлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резерв мектептері және футбол даярлау орталықтарының үздік 15 командасы қатысады.

Аталған чемпионат Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер футболы жүйесіндегі маңызды республикалық жарыстардың бірі саналады. Турнир бұқаралық спортты дамытуға, жасөспірімдер арасында футболды насихаттауға және жас спортшылардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған.

Дастан Сәтпаев мектеп аттестатын алды


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан