Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

26.05.2026

«Тұран» футбол клубында ардагерлер кеңесі құрылды

«Тұран» футбол клубында ардагерлер кеңесі құрылды

Фото: «Тұран» футбол клубы

«Тұран» футбол клубының басшылығы клуб қызметкерлерімен, футбол орталығының жаттықтырушылар штабымен, команда ойыншыларымен, сондай-ақ клубтың әйелдер командасымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Клуб базасында өткен кездесуде «Тұран» ФК-ның кеңсе ішіндегі жұмыс жағдайын және жаттығу жұмыстарын жақсартуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.

Ерекше назар Қазақстан футболының тарихының бір бөлігі әрі іргетасы саналатын футбол ардагерлері кеңесін құру мәселесіне аударылды. Клубтың бас директоры Ұлықбек Пахритдинұлы Асанбаев «Өмірде бізге ақыл-кеңес қажет болған кезде, ақсақалдарымызга жүгінеміз. Футболда да солай болуы керек. Біз футбол ардагерлерін құрметтеп, олардың пікіріне құлақ асуға міндеттіміз» деді.

Сондай-ақ футбол орталығының жұмысы мен балалар-жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Ұсыныстардың бірі ретінде Түркістан қаласындағы барлық футбол мектептерінен болашағынан үміт күттіретін әрі талантты балаларды іздеу ұсынылды. Өз өмірін футболмен байланыстыруды армандайтын жергілікті балаларлы қолдау маңызды екені атап өтілді. Сонымен қатар, әрбір бала кәсіби футбол талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруден өтетін болады.

Жеке кездесу клубтың әйелдер командасымен де өтті. Қазіргі таңда олар турнирлік кестеде бірінші орында келеді. Басшылық ойыншылар мен жаттықтырушылар штабына алаңдағы мінезі және көрсетіп жатқан нәтижелері үшін алғыс білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан Бірінші лигада «Тұран» қатарынан екінші рет жеңілді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан